Meet your next favorite book
Впишите название книги, которая вам понравилась,
и выберите наиболее похожую на нее.

Книги, похожие на «Замирбек Өсөров, Март Революциясы. Коомдук-саясий драма»

Серік Асылбекұлы
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас ұрпақты тәрбиелеуде күні бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қойған жоқ. Пьесада махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы, жасөспірім Рабиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны бейнеленеді. Сол кезден бері не өзгеріп, не нәрсе бұрынғы қалпында қалды, міне, бұл сұрақтардың жауабын шығармамен танысып шыққаннан кейін өздеріңіз беретін боласыздар, қадірлі оқырман мен көрермен.PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Серік Асылбекұлы
Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады.PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Кеңес Оразбекұлы
Ер, Би, Нар — бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк — Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан — Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.
Серік Асылбекұлы
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеби конкурсының Гран-приіне ие болған-ды.PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Понравилось, что мы предложили?